Вы сейчас просматриваете Спартакиада «Қамқор»

Спартакиада «Қамқор»

Бүгін ,,Денсаулық» саябағында Халықаралық медицина қызметкерлері күні қарсаңындағы облыстық спорт спартакиадасы басталды. Спартакиада ,,Қамқор» медицина қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, аудандық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының 200 ден астам қызметкерлері қатысуда.

Теннис, жеңіл атлетика, армрестлинг, футбол т.б спорт түрлерінен өткізіліп жатқан спартакиадада біздің екі бірдей қатысушымыз бүгін жүлделі орынға ие болды!

Неонатолог — резидент дәрігеріміз Жұмажанқызы Жайна жеңіл атлетикадан 2 орын , ал реаниматолог — анестезиолог дәрігер Мерғазиев Аслан армрестлинг сайысынан 1 орын алды!!!
Жүлделі орындарыңыз құтты болсын! Жарайсыздар !!
Спартакиада жалғасуда, біздің қатысушыларымызға алдағы уақыттада жеңіс тілейміз!