10-11 мамыр күнідері көпсалалы облыстық балалар ауруханасында екі күнге созылған ,,балалар ортопедиясындағы жоғарытехнологиялық ота тәсілдері » атты ғылыми — тәжірибелік мастер класс өз жұмысын аяқтады.
Шеберлік сыныпқа Астана қаласының қалалық балалар ауруханасының жоғары санатты ортопед- травматологі Джумабеков Бахтияр Әбдікәрімұлы, Ақтөбе облысының бас балалар ортопед — травматологі, травматология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты ортопед — травматолог Әубакиров Әкімжан Елеусізұлы, М.Оспанов атындағы балалар ортопедия — травматология кафедрасының доценті Бәубеков Жеңісбек Тәңірбергенұлы,сонымен қатар, балалар ауруханасының барлық травматолог — ортопед дәрігерлері мастер — класс жұмысына белсенді қатысып, тәжірибелерін арттырды: Қ.Қ.Махамбетов,С.Ж.Нурымов, А.Е.Ерекешев, Ж.С.Князьбаев, С.Н.Джапалахова, Н.В.Капацин, К.А.Бектурсын, А.Жаков,Л.М.Дугужева және реаниматолог- анестезиолог А.Миргазиев. Мастер — класс шеңберінде 12 балаға ,, ауыр туа біткен үршық басының шығуы, брахидактилия немесе қол саусақтарының бірігіп бітілуі » диагнозымен және күйік жарақаты салдарынан аяқ- қолының деформациясына шалдыққан балаларға күрделі оталар жасалды.
Осы мастер -классқа арнайы Ақтөбе, Қызылорда,Орал облыстарынан келген балапандардың отадан кейінгі кезеңдегі жағдайлары қалыпты.
Аурухана әкімшілігі астаналық әріптесіміз Бахтияр Әбдікәрімұлына үлкен ризашылығын білдіре отыра, алдағы уақыттада осындай шаралардың жалғасын табатындығына сенім білдіреді.
