Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай көпсалалы облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Н.Кожин Еліміздің өркендеуіне ат салысып, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Республикалық кәсіподақ ұйымы ,,Qaz Med» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Б.Матишевтің Құрмет грамотасымен марапатталды !
Грамотаны табыстаған Ақтөбе облысы медицина саласы қызметкерлерінің ,, Qamqor» кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Қ.Сабыр ,, кәсіподақ — береке мен бірліктің шаңырағы» екендігін айта кетіп, Нұрлан Нұрқасынұлына аурухана қызметкерлерінің еңбек ету жағдайларын арттыруға жасап жатқан қызметі үшін ризашылығын білдірді.
Облыстық балалар ауруханасы ұжымы және кәсіподақ ұйымы Нұрлан Нұрқасынұлын марапатымен құттықтап, қажырлы еңбек , қажымас қайрат, зор денсаулық, отбасына мол ырыс, құт — береке тілейді!