Салтанатты кеште әріптестеріміз шаттық пен мерекелік көңіл — күйге бөленді. Ұлттық нақышта безендірілген ,,ауылдарда » ұлттық дәстүрлермен әдеп — ғұрыптар сипатталған көріністер қойылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.Әдеттегідей әріптестерімізге облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Нұрқасынұлы Кожин тілектерін жолдап, облыстық денсаулық сақтау басқармасының және балалар ауруханасының Алғыс хаттарын табыстады.Сонымен қатар, мерекелік кештің құрметті қонағы
,,Qamqor»» облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сабыр Қайрат Қанатұлының шараға қатысуымен марапаттары медицина қызметкерлері үшін үлкен мәртебе болды.
Наурыз – жаңа өмірдің, жақсылық пен молшылықтың бастауы. Бұл мейрам тек көктемнің келуі ғана емес, адамдар арасындағы бірлік пен татулықты нығайтатын, жүрекке жылылық сыйлайтын ерекше күн.
Құрметті әріптестер!
«Наурыз мейрамы бәрімізге құт әкелсін. Ақ мол болсын!
«Жаңа күн, жаңа жыл, жаңа бастамалар». Бұл жыл сіздерге тек сәттілік пен жетістік әкелсін. Әр күніңіз қуанышты, бақытыңыз баянды болсын.Достық пен ынтымақ нығайып, жұмыстарыңыз жемісті, өмірлеріңіз берекелі болсын».