Вы сейчас просматриваете Аурухананың кезекті өндірістік жиналысында қабылдау бөлімшесінің педиатр дәрігері Г.С.Бертлеуова медицина қызметкерлерінің назарына балалар арасындағы вирустік инфекциялар туралы презентациялық баяндама ұсынып, күз – қыс маусымының басталуымен вирустік инфекциялардың асқынуымен жүгінген балалар санының өсе бастағанын айта өтті.

Аурухананың кезекті өндірістік жиналысында қабылдау бөлімшесінің педиатр дәрігері Г.С.Бертлеуова медицина қызметкерлерінің назарына балалар арасындағы вирустік инфекциялар туралы презентациялық баяндама ұсынып, күз – қыс маусымының басталуымен вирустік инфекциялардың асқынуымен жүгінген балалар санының өсе бастағанын айта өтті.

Аурухананың кезекті өндірістік жиналысында қабылдау бөлімшесінің педиатр дәрігері Г.С.Бертлеуова медицина қызметкерлерінің назарына балалар арасындағы вирустік инфекциялар туралы презентациялық баяндама ұсынып, күз – қыс маусымының басталуымен вирустік инфекциялардың асқынуымен жүгінген балалар санының өсе бастағанын айта өтті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша тамыз айында Қытай Халық Республикасының Гуандун провинциясында азаматтардың «чикунгунья» вирусына шалдығуы өршіп, вирустың 7716 жағдайы зертханалық түрде расталғанын жеткізді. Медицина қызметкерлерінің өткізген шаралары нәтижесінде тамыз айының аяғына дейін ахуал тұрақтанып, саны шарықтау шегіндегіден 148 жағдайға дейін төмендеп, науқастардың 92,4 % сауығып шыққан. Мамандардың айтуынша, вирус масалардың шағуы арқылы таралады. Клиникалық белгілері – дененің жоғары қызуы, бұлшық еттердің және буындардың ауыруы, 2-5 күні папулездік бүртпелердің шығуы. Сонымен қатар, бала құсып, басы ауырып, әлсіздік пайда болуы мүмкін
Осы орайда, медицина қызметкерлерінің анамнезді анықтау кезеңінде балалардың «Азия – Тынық» мұхиты өңірлерінде жақын – арада болған – болмағандығы туралы мәліметті ата – аналарынан білу маңыздылығы ескертілді.
​Ата – аналар назарына! Жалпы балалардың суық тиіп, қандайда вирустік инфекциясына шалдығу белгілері пайда болғанда, ата – аналар үй жағдайында ​«өздері емдемей», тіркелген емханасына барып дәрігерге жүгінуі немесе дәрігерді үйге шақыртуы қажет. Себебі балаларда, вирустік инфекциялар ересек азаматтардан айырмашылығы, тез өршіп, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Ерте кезеңіндегі 5 жасқа дейінгі балалардың аса ҚАУЫПТЫ БЕЛГІЛЕРІ – тамақ, су ішуге әлі болмай олардан бас тартуы, емшек ембеу, құрысу, летаргиялық, ұзақ ұйқыға кеткендей әлсіздік, есін білмеуі.Аталған белгілер пайда болған жағдайда, сол сәтте «жедел жәрдем» қызметінің дәрігерлерін шақырту қажет!