Біз, Байғанин ауданы, Жарлы селосының тұрғындары, ата-ана ретінде Ақтөбе облыстық «Ана мен баланы қорғау орталығының бас дәрігері E.Джапахов пен оның қарамағында жұмыс жасайтын ақ халаттыларға алғыс айтқымыз келеді. 2022 жылда Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Балалар жылы» деп жарялауына байланысты ауылымызда балалар құқығы мен денсаулығын қорғау мақсатында көңілге қонымды шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі 29.03.2022 — 31.03.2022ж аралығында мобильді топ құрамында келіп, балаларымызды медициналық тексеруден өткізіп, сапалы толыққанды көмек көрсеткен «Ана мен балаларды қорғау орталығының дәрігерлері Тлеумухамбетова Г.Б, Батыров А.С, Көргенәлі Д.Е, Аубакиров А.Е. есімді мамандарға еңбектеріңіз жемісті, істеріңіз берекелі болсын, халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіздер деп жүрекжарды тілегімізді білдіреміз. Игі тілекпен: Жарлы ауылының бір топ тұрғындары.
